Атырау, 5 мамыр 17:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +11
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

​Телефон алаяқтары іздестірілуде

2 279 просмотра

Құрманғазы ауданында жергілікті полиция телефон алаяқтарын іздестіріп жатыр.

Алаяқтар әдеттегідей сценарий бойынша әрекет еткен. Бірінші оқиға бойынша Ганюшкино селосының бір тұрғынына телефон арқылы өзін полиция қызметкерімін деп таныстырған әлдебіреу баласының заң бұзғанын айтып, оны құтқару үшін 300 мың теңге ақша қажеттігін айтқан. Сенімді болу үшін тұрғынның ұялы телефонын сұрап алыпты. Баласының ауылдан тысқары жүргендігінен дер кезінде хабарласа алмаған (қылмыскерлер бұл туралы білгенге ұқсайды?) ата-анасы 240 мың теңгені терминал арқылы салып жіберген. Кейін баласына хабарласқанда, баласының дін аман екенін біліп, өзінің алданып қалғанын түсінген әке аудандық ІІБ-іне арыз түсіреді. Сол секілді Ақкөл ауылының тұрғынын да дәл осындай жолмен алдау арқылы белгісіз біреу 70 мың теңгесін қолды еткен.

Аудан прокурорының орынбасары Магилан РАХИМОВТЫҢ айтуынша, аталған екі факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-тармағы 1-тармақшасымен («Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған алаяқтық») қылмыстық із қозғалып, тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

10 мамыр 2016, 10:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.