Елбасының жарлығымен облыстық ІІД жергілікті полицей қызметінің аға инспекторы подполковник Болат ДҮЙСЕНОВ "Ерлігі үшін" медалі марапатталды.
...2015 жылдың 30 сәуірінде екі полиция офицері түскі астан соң орталық көпір бойымен көлікпен келе жатып, жас жігіттің көпірден өзенге секіргенін көреді. Полицейлер көпірден түскен бойда, Болат Дүйсенов үстіндегі формасымен өзенге секіріп, суға батып бара жатқан жігітті жағаға сүйреп шығарады. Сол кезде подполковник Мұрат Демегенов жедел жәрдем бригадасы мен полицей жасағын шақырады. Көпірден секірген жігіттің психоневрологиялық диспансер есебінде тұрған 32 жастағы Атырау тұрғыны екені анықталды.
Болат Дүйсенов 6 мамырда ІІД алаңында бүкіл жеке құрам алдында марапатталды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
облыстық ІІД фотосуреті