Атырау, 20 қаңтар 16:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -14
$ 509.63
€ 592.34
₽ 6.54

Атырауда жеңгетайлықпен айналысқан ҰҚТ қатысушылары ұсталды

3 234 рет қаралды

Атырау облыстық ІІД ҰҚКБ қызметкерлері жеңгетайлық жасады деп күдіктелген Атырау қаласының үш тұрғынын ұстады.

- Ұсталушы екі ер адам мен әйел адам ұзақ уақыт бойына жеңгетайлықпен айналысып, жезөкшелерден қоқан лоққы көрсету және қорқыту арқылы ақша алумен айналысқан деп күдіктеліп отыр, - дейді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА. - Бұл факт ҚР ҚК-нің 309-бабы (" Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау"), 126-бабы ("Бас бостандығынан заңсыз айыру"), 194-бабы ("Қорқытып алу") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

Бұдан басқа, ұсталушылардың біріне қатысты ҚР ҚК-нің 262-бабының 1-тармағы ("Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оларға басшылық ету") бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сот оларды қамауға алуға санкция берді, үшеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тамара СУХОМЛИНОВА
8 мамыр 2016, 20:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.