Атырау, 29 қараша 03:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Теңізде магнитудасы 3,9 баллды жер сілкінісі болды

4 061 просмотра

7-інен 8-іне қараған түні Теңіз кенішінде магнитудасы 3,9 баллдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы ақпарат Қазақстан Ұлттық Деректер орталығының сайтында (http://www.kndc.kz) пайда болды.

«Геофизикалық зерттеулер институты» РМК-нің жедел ақпаратына сәйкес, 2016 жылы 8 мамырда Астана уақытымен 01 сағат 27 минутта (7 мамырда Гринвич бойынша 19 сағат 27 минутта) эпиорталығы Теңіз кенішінің аумағында жер сілкінісі тіркелген. "Эпиорталық координаттары: 45.99 градус солтүстік ендікте, 53.97 градус шығыс бойлықта. Магнитудасы mb=3.9. Энергетикалық сыныбы K=8.5"делінген хабарламада

Естеріңізге салсақ, бұл Теңіз кенішіндегі алғашқы жер сілкінісі емес. Атыраулық академик Мұфтах ДИАРОВТЫҢ айтуынша және Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының сейсмология институтының мәліметтері бойынша, Атырау облысының аумағы, Каспий теңізінің акваториясын қосқанда, Рихтер шкаласы бойынша 6 баллға дейінгі магнитудалы жер сілкінісі орын алуы ықтимал жер қыртысы учаскесіне жатады екен. Мұнай және газдың ірі мұнайлы Қашаған, Қайран, Ақтоты, Королевское және Теңіз тұзасты кеніштері жер қыртысының тектоникалық белсенді учаскелерінде орналасқан.

Кеніштің бүлінуі туралы хабарланбады.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА
8 мамыр 2016, 20:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.