Атырау, 29 қараша 03:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Немқұрайлы мереке

Сурет
2 868 просмотра

Біз мейрамдауды ұнатамыз және қолымыздан келеді деуге болады, бірақ айтарлықтай емес. Таяуда облыс орталығындағы Махамбет-Исатай алаңында Қазақстан халықтарының бірлігі күнін атап өтуге қатысты кейбір жайттар туралы сөз қозғамақпыз.

ӘСЕМДІК АЯҚ АСТЫНДА

Әр ұлттың музыкасы естіліп жатқан сахна Исатай мен Махамбет ескерткішін тіреп тұрғандай. Оның бүйірлеріне қаладағы құрметті адамдар, ақсақалдар мен жергілікті басшылық отырған шағын трибуналар орнатылған. Қақ ортасына кеңсе отырғыштарын қалай-солай қоя салған. Үлгергендер отырып алған, басқа адамдарға тұнжыраған полицейлер күзетіп тұрған қоршауларға асылып тұруға тура келді. Ал енді басқалары жақындап көру үшін көп ойланбастан ашық қызғалдақтар егілген гүлзарларға шығып алған. Жасыл көшеттердің аяққа тапталып қалғаны айдан анық. Қопсытылған топыраққа жас та, кәрі де аяқ іздерін қалдырған. Тіпті аман қалған гүлдерге тиіп кетпес үшін, сүрлеу етіп жол салып тастапты. Адамдардың сыртынан сахнадағы көріністерді тамашалау үшін біресе оңға, біресе солға ерсілі-қарсылы жүрген батыстық шетелдік ер адамды (оларды бірден тануға болады) сырттай бақылау қызық болды. Оның гүлзарға шығып алуға шамасы, менталитеті кедергі келтірген болуы керек, бірақ ұзаққа бармады: бір кезде менталитетіне қолды бір сілтеп, басқалар секілді гүлзарға шығып алды.

…Концертке мезі болғандар, балалар аттракциондары мен тәтті мақта (бұл мереке күні табылған жалғыз жеуге болатын нәрсе) сатушылардың арасында асықпай серуендеп жүр. Алаңның шетінде Сәтпаев даңғылына жақын жерде сувенир өнімдер мен алтын бұйымдар сатушылар тұр. Олар бағалы металлдан жасалған әшекейлерді кеспе тастарға жайып тастаған.

«БҰЛ ҚАЙТА ЕШТЕҢЕ ЕМЕС»

Мереке шуы басылған соң алаңға аула тазалаушылар мен қаланы көгалдандыру тендерін ұтып алған Қазақ саңыраулар қоғамының қызметкерлері жиналды. Маман киімін киген әйелдің айтуынша, ол ересектер мен балаларға гүлзарлардың аяқжол және құм төбешіктер еместігін әлденеше рет түсіндіргенін, оған ата-аналары біз кінәлі емеспіз, біздің аулалар балалар алаңымен жарақталмаған деп жауап берген екен.

Жасыл кеудеше киген адамдар гүлзарларды қалпына келтіруге тырысып жатқан кезде, олардың басшылығы да келді. Ұзын бойлы ер адам: "иә, бұл қайта ештеңе емес" деп ойнақылана сөйлей бастап, менің қолымдағы диктафонды көріп, бұрылып кетті де, көлігіне мініп кетіп қалды.

Қалалық әкімдікке мереке күні алаңда гүлзарларға қатысты не болғаны туралы қысқаша сипаттап, билік болашақта мұндай жағдайды болдырмас үшін не істейді деген редакция сауалы жолданды. Бірнеше күннен кейін баспасөз қызметіндегілер жауаптың "мейрамнан кейін" берілетінін хабарлады, бірақ қай мейрам екенін нақтыламады.

Ал алаң үстінде әлі күнге дейін дирижабльді еске түсіретін әуе шары қалықтап тұр. Ол да гүлзарларда жатқан бос газ баллонына бекітілген.

Марат Такулин,

Суретті түсірген автор

7 мамыр 2016, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.