Атырау, 29 наурыз 00:29
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Сырттан келген құрылысшылар да, иелері де жазаланды

1 990 просмотра

Жылыой ауданы прокуратурасы тексеру барысында 17 өзбекстандық азаматтың ҚР көші-қон заңын бұзғанын анықтады.

- Бір адамның үстінен ҚР ҚК-нің 392-бабы («Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту») бойынша қылмыстық іс көтеріліп, қалғандары жергілікті жерде құрылыс жұмыстарын арнайы рұқсатсыз жүргізгені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-тармағы бойынша («Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы») әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады аудандық прокуратураның аға прокуроры Арман АЙТҚАЛИЕВ. - ӘҚБтК-нің 519-бабының 1-тармағы («Жұмыс берушiнiң шетелдiк жұмыс күшiн жергiлiктi атқарушы органның рұқсатынсыз тартуы немесе жұмысқа орналасуға рұқсаты жоқ шетелдiктердің және азаматтығы жоқ адамдардың еңбегiн пайдалану») бойынша әкімшілік жауапкершілікке олар жұмыс жасаған құлсарылық азамат та тартылып, оған 31 815 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

6 мамыр 2016, 09:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.