Атырау, 29 қараша 03:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Депутаттар не үшін керек?-2

3 902 просмотра

Қалалық мәслихатқа жаңадан сайланған Мұса ХАЙРУЛЛИЕВ таяуда өзі оқыған Алтынсарин атындағы мектептің оқушыларымен бірге мектеп ауласына көшет отырғызған еді («Депутаттар не үшін керек?»). Енді ол 4 мамыр күні жоғары сынып оқушыларын Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтауға алып барды.

Өтәлі БАЛҒЫМБАЕВ (суретте оң жақта) майданға 41-ші жылы аттанған, соғысты бастан өткеріп, Берлинге дейін жеткен. Николай АГЕЕВ танк полкінде болды.

Самайларын ақ шалған ардагерлердің жастарға айтар әңгімесі бар. Әсіресе олар бейбіт күннің қадірін білуді, бейбітшілік туралы айтқанды ұнатады. Балалар ардагерлерге Хайруллиев дайындаған сыйлықтарды табыс етті, өздері ақсақалдардың батасын алды.

Еске сала кетейік бүгінгі таңда Атырау облысында 59 соғыс ардагері бар, олардың үлкені 102-де болса, ал «жасы» 90-да. Жеңіс күнінің мерекесіне орай жергілікті бюджет әрбір ардагерге 100 мың теңгеден ақшалай сыйлық береді. Ардагерлерге құрмет ретінде ірі кәсіпорындар мен түрлі мекемелер де қызмет түрлері бойынша жеңілдіктер жасап, материалдық көмек ұсынатын болады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА
5 мамыр 2016, 16:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.