Атырау, 29 қараша 03:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Атыраудағы Жеңіс күні: алаңдарда сауық-серуен болмайды

4 193 просмотра

Image 0"АЖ" мұрағатынан алындыӨткен жылдарға қарағанда Жеңістің 71 жылдығы Атырау қаласында аса дабырасыз, қарапайым түрде өткізілетін болады.

Биылғы жылы жыл сайын дәстүрге айналған мерекелік концерттер, отшашулар, тіпті, алаңдарда спорттық сайыстар да болмайды. Өткен жылы Атырауда Жеңістің 70 жылдығына орай майданнан оралмаған жерлестеріміздің құрметіне Ескерткіш тақта ашылған болатын. Біздің қалада бірінші рет «Мәңгі өшпес полк» акциясы өткізілді. Қалалықтар қолдарына өздерінің соғыста болған ата-бабаларының фотосуреттерін алып Сәтбаев даңғылымен сап түзіп жүріп өтті. Шеруді қолдарына біздің жерлестеріміз – Кеңес Одағының батырлары мен Даңқ орденінінің толық иегерлерінің портреттерін ұстаған 41433 әскери бөлімшесінің сержанттары бастап жүрді.

7 мамыр Отан қорғаушылар күні де өткен жылы кең көлемде аталды: драма театры алдында әскери техникалардың байқауы, кейін әскерилер қала көшелерімен саппен жүріп өтті.

Биылғы жылы Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт 6 мамыр күні драмтеатр ғимаратында болады.

Жеңіс саябағындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою салтанаты 9 мамыр күні сағат 10-ға белгіленіп отыр. «Мәңгілік өшпес полк» акциясы да осы күнге жоспарланды. Бастапқыда қала билігі бұл шараны 8 мамырға белгілегенімен, кейін 9 мамырға ауыстырғанын мәлімдеді. Бұл шеруге қатысуға ниет білліргендер сағат 11.30-да «ҚазТрансОйл» компаниясының маңына (№30 мектеп қасында) жиналуы тиіс. Бұл шара мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоюмен аяқталады. Қаланың алаңдарында мереке күндері ешқандай көңіл көтеретін мерекелік бағдарламалар болмайды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

5 мамыр 2016, 12:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.