Мәскеуде мамыр мерекелерінде теракті жасауға дайындалған ОА елдерінің бір топ азаматтары ұсталды, деп хабарлады ҚазТАГ агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап.
«РФ Федералды қауіпсіздік қызметі жедел-іздестіру шаралары кешенін өткізу нәтижесінде Мәскеуде Сирия мен Түркия аумақтарындағы халықаралық лаңкестік ұйымдар басшыларының тапсырмасы бойныша мамыр мерекелерінде Мәскеу өңірінде лаңкестік актілер топтамасын өткізуді жоспарлап жатқан Орталық Азия елдерінің бір топ азаматын ұстады», - деп хабарлады ФҚҚ ҚБО.
Бұл ретте көп көлемде қару-жарақ, жарылғыш заттар мен басқа да лаңкестік әрекеттерді өткізуге қажет құралдар тәркіленгені аталып өткен.
«Ұсталғандар түсініктеме беруде. Қозғалған қылмыстық іс аясында қажетті тергеу амалдары жүргізілуде», - деп атап өтті ФҚҚ-да.
Бұл ретте ҚБО-да атап өткендей, тергеу мүддесіне орай ұсталғандардың кім екендері жария етілмеуде.
Дереккөз: ҚазТАГ