Фото: Francisco Seco / АРИспаниялық "Реал" өз алаңында "Манчестер Сити" командасын жеңіп Чемпиондар лигасының финалына шықты. Кездесу 1:0 есебімен аяқталды,- деп хабарлады ҚазАқпарат.
Ойынның жиырмасыншы минутында "Манчестер Ситидің" қорғаушысы Фернандо өз қақпасына гол соқты.
"Реал" екі кездесудің қорытындысы бойынша финалға шықты. 26 сәуірде өткен бірінші кездесу тең (0:0) аяқталған болатын.
Мадридтіктер чемпиондар лигасының финалына 14 рет шығып отыр. Олар он рет турнир жеңімпазы атанған. Бұл рекорд болып табылады.
Финалда "Реал" "Баварияны" жеңген тағы бір мадридтік команда "Атлетикомен" кездеседі.
Чемпиондар лигасының финалы 28 мамырда Миланда "Сан-Сиро" стадионында өтеді.
Дереккөз: Іnform.kz