Атырау, 7 мамыр 06:02
 ашықВ Атырау +20
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Испания ресейлік шенеуніктерді қамауға ордер берді

1 944 просмотра

Image 0Ресей мемлекеттік думасы қаржы комитетінің басшысы Владислав Резник. Ресейлік саясаткерлер мен президент Владими Путинмен байланысы бар бұрынғы үкімет мүшелеріне екі ірі ұйымдасқан қылмыстық топ - Малышевский мен Тамбовский топтарының күдікті мүшелері ретінде халықаралық арестке алуға ордер берді,- деп хабарлады Азаттық.

Халықаралық ордерді Испания сотының судьясы Хосе де ля Мальта берді. Күдіктілерге кісі өлтіру, оның ішінде тапсырыспен кісі өлтіру, есірткі және қару-жарақ контрабандасы, бопсалау, алаяқтық, пара алу және қаржы жымқыру айыптары тағылған.

Судья қамауға ордер бергендер арасында Ресей мемлекеттік думасы қаржы комитетінің басшысы Владислав Резник, ішкі істер министрлігінің басқарма басшысы Николай Аулов, бұрынғы премьер-министр Виктор Зубков, бұрынғы қорғаныс министрі Анатолий Сердюков, бұрынғы аймақтық даму министрі Дмитрий Козак, экс-вице-премьер Игорь Соболевский, бұрынғы ақпараттық технологиялар министрі Леонид Рейман бар. Ішкі істер миинстрлігінің кеңсесі айыптауды "саяси астары бар" және "Ресей шенеуніктерінің беделін түсіруді көздейді" деп атады.

Дереккөз: Аzattyq.org

4 мамыр 2016, 11:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.