Атырау, 13 қаңтар 23:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.84
€ 595.75
₽ 6.47

Қала төменгі сынып оқушыларының тамағынан үнемдемеуді ұйғарды

2 846 рет қаралды

«АЖ»-ға белгілі болғандай, 1 қыркүйектен бастап Атырау қаласындағы 1-4 сыныптың барлық оқушылары қайтадан тегін ыстық тағаммен қамтылатын болады.

Осы мақсатта бастауыш сыныптардың 25 мың оқушысы үшін қалалық бюджеттен 561 млн теңге бөлінеді.

Естеріңізге салсақ, бюджет қаржыларын үнемдеу мақсатында 2015-2016 оқу жылында төменгі сынып оқушыларына арналған тегін ыстық тағам алынып тасталған болатын. Бұл жеңілдікті тек аз қамтылған отбасының 3 037 баласына ғана қалдырған еді. Енді ол толықтай қайта берілетін болды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА
28 сәуір 2016, 16:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.