Атырау, 29 қараша 03:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Қалалық әкімдік: «Қыста Атырау тоңған жоқ»

3 077 просмотра

Көрнекі суретОблыстық әкімдікте Атырау қаласы әкімінің орынбасары Әділбек ЗАЙДУЛЛИННІҢ жылу беру маусымының қорытындылары туралы баяндамасы тыңдалды.

Ол өткен қыс айларында жылумен 950 көппәтерлік үйлердің қамтамасыз етілгендігін мәлімдеді. Қысқа дайындық жылу трассаларына 2015 жылдың 23 мамырында жүргізілген гидравликалық сынақтан соң бірден басталған. ПИК жертөлелерді кептіру, жертөледегі құбырларды жөндеу жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде ешқандай апаттар орын алған жоқ. Балықшы жылу қазаны және одан тарайтын құбырлар ЖК К.Құспанованың сенімді басқаруында. Балықшылықтардың жылуға қарызы бүгінгі күні 20 млн теңгені құрайды. Ал, жылу қазанының өзі 1 сәуірге дейінгі мерзім бойынша жеткізушілерге газ үшін 29,7 млн теңге, электр энергиясы үшін 7,3 млн теңге қарыз.

Нұрсая ықшам ауданы тұрғындарының да жылумен жабдықтаушы мекемелер алдында борыштары бар. Ондағы 64 үйді «Атырау қаласы үйлеріне коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС 10 жылу қазандықтары қамтамасыз етеді. Тұрғындар 8 млн теңге қарыз болған.

Биылғы жылы Нұрсая, Алмагүл және С.Датов көшесіндегі үйлердің жылу жүйелеріне күрделі жөндеу жүргізу үшін қалалық бюджеттен 160 млн теңге бөлінді. Тендер қорытындысы бойынша мұнымен «Эра» ЖШС айналысады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
28 сәуір 2016, 15:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.