Атырау, 29 қараша 03:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Қазақстандық 17 компания Солтүстік-Каспий жобасының қолдауымен Халықаралық стандарттар бойынша сертификатталды

PR
2 826 просмотра


22 сәуірде Солтүстік-Каспий жобасының операторы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» («НКОК») кеңсесінде қазақстандық 17 компанияға Стандарттау бойынша халықаралық ұйымның (СХҰ) ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 22000 сертификаттарын табыстау рәсімі өтті. Олардың барлығы Сапаны басқару орталығы («QMC» ЖШС) өткізген оқытудан ойдағыдай өтіп, оларға «Rina Services SpA Kazakhstan» компаниясы сертификат табыстады. Оқыту мен сертификаттау шығындарын НКОК компаниясы қазақстандық жеткізушілерді дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді арнайы бағдарлама шеңберінде өз мойнына алған.

- Осы бағдарлама міндеттерінің бірі жергілікті компаниялардың халықаралық стандарттарға сәйкес тұрақты дамуына қолдау көрсетуге, сонымен қатар қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған. Мұнай-газ жобаларындағы жергілікті қамтуды дамыту – «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (НКОК) компаниясы қызметінің маңызды аспектісі, - деді НКОК компаниясының жергілікті қамту жөніндегі менеджері Дәуірбек Өтежанов салтанатты шарада. – НКОК жергілікті жеткізушілердің мүмкіндігін арттыруға қолдау көрсету бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуде. Компания шетелдік мердігерлерден гөрі жергілікті компанияларды тартуға мүдделі, бұл ретте олар Солтүстік Каспий бойынша өнім бөлінісі туралы келісімде белгіленген критерийлерге сәйкес болуы керек және олардың тауарлары мен қызметтері бәсекелесуге қабілетті болуы тиіс.

ISO стандарттарын енгізу, біріншіден, қазақстандық компаниялардың өнімділігін ұтымды етуге және тиімділігін арттыруға; екіншіден, оларға тендерлік құжаттарды толық және сапалы түрде ұсынуды қамтамасыз ете отырып, компанияларға келісімшарт берілу мүмкіндіктерін көбейтуге; үшіншіден, бүкіл техникалық критерийлер мен сапа талаптарына сәйкес бюджет шеңберінде тапсырыс берушілердің талаптарын толықтай қанағаттандыра отырып, келісімшарт бойынша жұмыстардың орындалуына, сонымен қатар уақтылы жеткізілуіне баға жетпес қолдау көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Осылайша, НКОК жергілікті компаниялар әлеуетінің дамуына мүдделі. Ал халықаралық сертификаттардың болуы өз қызметтерін әлемдік деңгейге жеткізу ұсыныстарының географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Мұны сертификаттар алған қазақстандық компаниялар басшылығы да растайды.

- OHSAS 18001 – еңбек қорғау және өндіріс қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық стандарт. Бұл біздің кәсіпорынның нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін едәуір арттырады, - деді мұнай-газ өнеркәсібіне арналған нығыздаушы материалдар өндіретін «Novus Sealing Caspian» компаниясы директорының орынбасары Федор НИКОЛОВ

- Біз жергілікті ірі компаниялармен жұмыс істейміз, соның ішінде НКОК-пен көптен бері серіктестік қарым-қатынастамыз. Бүгін біздің қызметкерлерімізді оқыту бойынша шығындарды өз мойнына алған НКОК-тың қолдауы арқасында біз осы жоғарғы стандартпен сертификатталдық. ISO 9001, ISO 14001, ISO 22000 және ОHSAS 18001 сертификаттарын Петропавл құбыр зауыты, Георгиевка сорғы жабдықтары зауыты, көпсалалы жабдықтар зауыты, «Қазэлектромаш» ЖШС және көптеген басқа зауыттар мен компаниялар алды.

2007 жылдан бастап Солтүстік-Каспий жобасының операторы Кәсіптік-техникалық білім беруді жетілдіру бағдарламасының шеңберінде үнемі жұмыстар жүргізіп отырады.

Бүгінгі күні 180-нен астам оқу курстары ұйымдастырылды, оларға қазақстандық 40-тан астам компаниялардан 2300-дей қызметкер қатысты. 180-нен астам жергілікті компаниялар ISO 9001, ISO 14001, ISO 22000, OHSAS 18001 және ISO 50001 стандарттары бойынша сертификаттау бағдарламаларына қатысты. 2006-2015 жылдар аралығында НКОК 1000-нан астам компанияларға семинарлар өткізді.

Игерудің келесі кезеңінде Солтүстік-Каспий жобасының операторы халықаралық стандарттар мен жобалық талаптарға сай келетін жергілікті компаниялардың өндірістік қуаттылықтарын әрі қарай дамытуды ынталандырып, бұрынғыша жергілікті қамту үлесін көбейтуге ниетті.

Осылайша, қауіпсіздік техникасы, еңбек және қоршаған ортаны қорғау талаптарына нұқсан келтірмей, Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік әлеуеті мен адам ресурстарының тұрақты дамуына қолдау көрсету бағыты Солтүстік-Каспий жобасының басты басымдықтарының бірі болып қалады.
26 сәуір 2016, 14:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.