Фото: rbc.uaЙеменнің үкімет әскері «Әл-Каида» лаңкестік тобындағы сегіз жүз сарбаздың көзін жойды,- деп хабарлады 24.kz.
Елдің оңтүстігіндегі содырларға қарсы операция Араб елдері коалициясының қолдауымен жүргізілген. Үкімет әскерінің мәліметі бойынша, қаза тапқандардың арасында лаңкестік ұйымның бірнеше қолбасшысы бар. Бұған дейін мемлекет жасағы сол аймақтағы Әл-Мукалла қаласын лаңкестерден азат еткені туралы хабарланған. Портты шаһар бір жылдан астам уақыт «Әл-Каида» лаңкестік тобының бақылауында болған.
Дереккөз: 24.kz