Фото: kursiv.kzBrent маркалы мұнайдың бағасы тағы да шарықтап, баррелі 46 долларға жетті,- деп хабарлады 24.kz.
Бұл – өткен жылдың желтоқсанынан бері белгіленген ең қымбат баға. Ал WTI маркалы қара алтынның бір баррелі 44,18 долларға сатылып жатыр. Сарапшылар бұл жағдайға АҚШ-та шикізат қорының артуы туралы мәлімет себеп болған дейді. Негізі Катарда өткен мұнай өндіруші елдердің саммитінен кейін дүйсенбіде қара алтын бағасы төмендеп кеткен еді. Өйткені қатысушылар шикізат өндіру көлемін азайту туралы бір мәмілеге келе алған жоқ.
Дереккөз: 24.kz.