Атырау, 29 қараша 05:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Өлі итбалықтар туралы аңыз

7 941 просмотра

Көрнекі суретЖылыой ауданындағы Прорвада итбалықтардың жаппай қырылу фактісі расталмады.

Естеріңізге салсақ, 14 сәуірде осы жерде теңіз арнасын салып жатқан «Теңізсервис» ЖШС қызметкерлері итбалықтардың жаппай қырылып жатқаны – 40 өлі итбалықтың табылғаны туралы дабыл қаққан еді. 15 сәуірде сол жерге облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, экология департаментінің, ветеринарлық инспекцияның мамандары барып келді.

Жедел топ көрсетілген жерден бір итбалықтың өлі денесін тапты. Қатты бұзылып шіріп кеткендіктен ол зертханалық зерттеуге жарамады. Сондай-ақ, сол жерде «Теңізсервис» ЖШС қызметкерлерінің қырық өлі итбалық туралы дабылдық хабарламасында әртүрлі уақытта, шамамен бір жарым ай ішінде табылған осы жануарлардың өлі денелері туралы айтылғандығы анықталды, – деп түсіндіреді теңіз инспекциясы бөлімінің басшысы Исатай АРАЛБЕКОВ. Яғни, іс жүзінде бұл бар болғаны бақыланатын учаске бойынша желдің бағытына қарай жағалау бойымен қалқып шыққан бірнеше өлі итбалық болуы мүмкін. Оларды «Теңізсервис» ЖШС қызметкерлері әртүрлі уақытта бірнеше рет көрген болуы мүмкін. Дегенмен де, жедел топ сол жердегі су мен ауадан сынама алды. Олардың құрамында зиянды заттардың бар-жоғын талдау нәтижелері таяу уақытта белгілі болады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

21 сәуір 2016, 17:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.