Facebook компаниясы әлеуметтік желі пайдаланушыларына жариялаған посттары үшін ақша төлеуге ниетті. Бұл туралы ҚазАқпарат Gazeta.ru-ға сілтеме жасап хабарлады.
Қазір әлеуметтік желі пайдаланушыларын қызықтыратын ынталандыру түрлері қарастырылып жатыр. Осылайша, ерекше контентімен ұнаған постқа оқырмандар сыйақы бере алады немесе жарнамалық табыстың белгілі бір пайызын ала алады.
Компания пайдаланушылар репосттар мен лайктарды асыра пайдаланып жатыр деген шешімге келді. Жаңа контенттердің де саны қысқарды. Сонымен қатар Instagram сияқты қызмет пайда болғаннан кейін әлеуметтік желіде пайдаланушылардың өз суреттерін жариялауы азайды.
Осыған дейін Facebook барлық пайдаланушылар үшін «Сақтау» батырмасын енгізіп жатқанын жариялаған.
Дереккөз: Іnform.kz