Фото: ria.ruЭкстремизм және терроризм әлеуметтік жағдайдан ғана емес, "нашар" саясат жүргізуден де туындайынын атап өтті Ауғанстанның бұрынғы президенті Хамид Карза,- деп хабарлайды Қазақстан Жаңалықтары АА.
"Менің ойымша, экстремизм, радикализм, терроризм әлеуметтік жағдайдан және діндерден ғана туындамайды. Экстремизм және терроризмнің өсуі "нашар" саясат жүргізуден, ұлттық мүдделерді нақты анықтамаудан болып жатқанына дәлелдер бар деп ойлаймын. Бұл кейбір шектелген сипаттағы ұлттық мүдделердің болуынан да болады", —деді Карзай ХІІІ Еуразиялық медиа форумда жасаған баяндамасында.
"Соның салдарынан біз зардап шегудеміз, экономика және әлеуметтік өміріміз ақсауда. Біз бәріміз жақсы түсіністікке жету үшін және негізгі державалар арасындағы ынтымақтастыққа негізделген экономикамызды бәселестікке құру үшін жұмыс істеуіміз қажет, бір және бірнеше ел бейбіт және тұрақты болып, қалғандары тұрақсыз болады және қауіпсіз болмайды деген іргелі түсінік ешқашан болмайтынын түсінуіміз керек", — деп қосты ол.
Дереккөз: Newskaz.kz