Атырау, 26 қараша 22:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Түркияда бастауыш мектеп мұғалімі 508 жылға сотталды

2 258 просмотра

Фото: Ntv.com.trТүркияда бастауыш мектептің мұғалімі балаларға сексуалдық мәндегі зорлық көрсеткені үшін 508 жылға сотталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты Lenta.ru-ға сілтеме жасап. Тергеу мәліметінше, кемінде 10 оқушы 54 жастағы Мұхаррем Бююктүрктің (суретте) құрбаны болған.

Құқық қорғау органдары оны "балаларға сексуалдық зорлық-зомбылық көрсетті", "бас бостандығын шектеді", сонымен қатар, "денсаулыққа қасақана зиян келтірді" деп айыптады. Дегенмен мұғалім балалардың өзіне жала жауып тұрғанын айтып, кінәсін мойындамады. Сотта прокурор оны 600 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Сот оны кінәлі деп танып, 508 жылға соттады.

Айта кетейік, сот отырысы кезінде 900 полицей қауіпсіздікті қамтамасыз еткен. Мұндай шара халықтың наразылығына байланысты қолданылған.

Дереккөз: Тengrinews.kz

21 сәуір 2016, 10:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.