Атырау, 29 қараша 05:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Биыл 724 адам қысқартылады

1 342 просмотра

Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға арналған брифинг өтті.

Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Балдай ӨТЕҒАЛИЕВА бағдарламаның «Инфрақұрылым және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» деп аталатын бірінші бағыты бойынша биыл 13 әлеуметтік нысанға күрделі жөндеу жүргізілетінін, 206 жұмыс орнын құру жоспарланып отырғанын хабарлады. Тендер жеңімпаздары анықталған. Екінші «Кәсіпкерлікті дамыту және тірек ауылдарын дамыту арқылы жұмыс орындарын құру» бағыты бойынша 155 адамға кәсіпкерлік негіздерін оқыту үшін 5,741 млн теңге бөлінеді, 202 ауыл тұрғыны жалпы 505,6 млн теңге сомаға шағын несиелер алады. Үшінші - кәсіби оқыту және жұмысқа орналастыруға қолдау көрсету, әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтамасыз ету бағыты бойынша 110,3 млн теңге бөлінген.

Жыл басынан бері Атырау облысында 3 200 жаңа жұмыс орны ашылды, соның ішінде 1 838-і– тұрақты жұмыс орны. Жаңа жұмыс орындарының басым бөлігі өндіріс (737), құрылыс (321) және білім беру (180) салаларының еншісінде. Биыл әлеуметтік қолдаудың алуан түрлерімен 19 357 адамды қамту жоспарланып отыр. Олар – жұмыссыздар, аз қамтылғандар, қысқартуға ұшыраған адамдар, 29 жасқа дейінгі жастар, физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдар. Жыл сайын біздің жоғары және орта кәсіптік оқу орындарын үш мыңдай жас бітіріп шығады. Тәжірибелері жоқ оларға жұмысты бірден табу қиын. Биыл жастар тәжірибесін ұйымдастыруға 62,9 млн теңге бөлінеді. Бұл жүйе өз жемісін беруде, мәселен, 2015 жылы жастар тәжірибесінен өткен 522 түлектің 436-сы өз жұмыс орындарына орнығып алды.

Бүкіл кәсіпорын жұмыспен қамту органдарына өз қызметкерлерін қысқартқандары және жұмыстан шығарғандары туралы хабардар етуге міндетті. 23 жұмыс берушіден түскен тізімге сәйкес, жұмыс көлемдерінің азаюына байланысты 324 адам қысқартылған: 71 -«Ақ-Жайық-7» ЖШС-де, 36 - «“Синопэк Инжиниринг" Халықаралық мұнай сервистік компаниясының» қазақстандық филиалында, 22 - «Қазмұнайгаз-Бұрғылау» ЖШС-де және т.б. Босатылған 179 қызметкер есепке тұрып, олардың 56-сы тұрақты жұмыс тауып алды. Осы жыл ішінде тағы 724 адам қысқартылады деп күтілуде.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

21 сәуір 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.