Атырау, 5 тамыз 21:49
 дождьВ Атырау +34
$ 471.98
€ 543.39
₽ 5.82

Ганюшкинодағы саябақ

Сурет
1 773 рет қаралды

Ганюшкино селосының орталығындағы Жеңіс аллеясының қасынан КТК-ның демеушілігімен саябақ салынып жатыр.

- Біз жұмысты өткен жылы қараша айында бастадық. Қазір мүсіндер орнатып, жарықтандыру жүйесін қостық. Саябақты 9 мамыр Жеңіс күніне орай пайдалануға бергіміз келіп отыр, - дейді мердігер «ИсатайСәулетСервис» ЖШС директорының орынбасары Бейбіт ОРЫНБАСАР.

Жалпы алаңы 16 713 шаршы метрлік саябақ құрылысы 24 млн теңгеге бағаланып отыр.

- Саябақ құрылысының жобалық-сметалық құжатын-да көгалдандыру қаралмаған, сондықтан біз 1 000 түп қара ағаш талын егуді жоспарлап отырмыз, - дейді Ганюшкино селолық округінің әкімі Аян ТӘЖІБАЕВ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА


21 сәуір 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.