Атырау, 29 қараша 05:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Мақаштан қалған мұра

Сурет
2 440 просмотра

Осыдан үш жыл бұрын Ганюшкино селосындағы балалар кітапханасының ғимаратында өрт шығып, бір жылдан соң тағы да тұтанған болатын. Кітапхана мәдениет үйіне көшті, ал, 1895 жылы қоғам қайраткері, ағартушы ғалым Мақаш БЕКМҰХАМБЕТОВТЫҢ бұйрығымен салынған жартылай өртенген ғимарат үш жылдан бері жөнделместен тұр. Себеп - қаржының жоқтығы.

Бұл ғимарат ауыл балаларын сауаттандыруға арналған екі жылдық орыс-қырғыз училищесі ретінде салынған болатын. Кеңес үкіметі кезінде интернат, кейін саз мектебі, балалар кітапханасы болып 2013 жылға дейін жұмыс жасады. 2013 жылы жалын ток сымдарының тұйықталуынан болған. Бір жылдан кейін тағы өртене бастағанын байқап, жалынды дер кезінде өшіріп үлгеріпті. Кейбір мәліметтер бойынша, ғимараттың орталықта орналасқан жеріне қызығып, әлдебіреу әдейі өрт салған болуы мүмкін.

- Біздің кітаптарымыз бүлінген жоқ, дер кезінде өрт өшіріліп, сақтап қалдық. Бүгінде кітапхана аудандағы мәдениет үйінің бір бөлмесіне көшірілген. Бірақ бұрынғы ғимарат біздің балансымызда тұр, - дейді орталық кітапхана жүйесінің басшысы Бақыт ГАБДУЛОВА.

Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары Жандос БЕКТЕМІРОВТЫҢ айтуынша, ғимаратты қалпына келтіру үшін, шамамен, 13 млн теңге қаражат керек: - Бұл орынды сүріп тастауға болар еді, бірақ бұл тарихи ғимарат болғандықтан сақтап қалғымыз келіп отыр. Бұл қаржы аудан бюджетінде жоқ, демеушілеріміз де мұндай қаржыны шығара алмауда. Біз облыс басшылығынан көмек сұрадық.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

21 сәуір 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.