13 сәуірде ауған соғысының ардагерлері Жеңіс бағындағы интернационалист жауынгерлерге арналған ескерткіш айналасындағы аумақты абаттандыруға кірісті.
Мемориалдық кешен 2015 жылы ашылды. Бақтың бұл бөлігінде жасыл желектер аз, сондықтан «ауғандықтар» қаза болған жолдастарының рухына арнап осы жерді абаттандырып, желектендіруге шешім қабылдады.
- Әзірге ақтерек пен қарағаштың 80 көшетін отырғыздық. Уақыты жеткенде бақтың осы бөлігін толықтай көгалдандырамыз, - дейді облыстық ауған соғысы жауынгер-ардагерлері қоғамының төрағасы Ғабиден ҚАЙЫРЖАНОВ. – Абаттандыру бойынша тағы бірнеше идеялар бар, бәлкім, музей немесе тарихи экспозиция ашармыз. Ескерткіштің «тірі» болғанын, қала тұрғындарының осы жерде ықыласпен серуендегенін, балалардың экскурсияға келгенін қалаймыз...
Суару мен күтім жасауды «ауғандықтар» өз мойындарына алады. Айта кетелік, бүгінде осы қоғамдық бірлестіктің құрамындағы 535 адамды құттықтауға болады. Қалалық әкімдік олар үшін кеңсе бөліп отыр.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА