Атырау, 5 мамыр 21:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Құлсарыдағы жанармай құю бекетіне шабуыл жасағандардың бірі ұсталды

2 451 просмотра
Youtube-тағы бейнежазбадан скриншот

Еске салып өтейік, Құлсары қаласындағы Sinooil жанармай құю бекетіне сәуірдің 14-інен 15-іне қараған түні шабуыл жасалған болатын Қарақшылар ашық есіктен кірген»).

- Күдіктілердің бірі ұсталды. Бұл Құлсары қаласының 1990 жылғы тұрғыны. Ол уақытша тергеу изоляторына қамалды. Ұстау барысында айғақ зат ретінде шолақ мылтық тәркіленген болатын. Бекетке қарақшылық шабуыл жасаған екінші адамның да жеке басы анықталып отыр. Ол да Құлсарының 1988 жылғы тұрғыны. Қазір ол іздестірілуде. Бүгінде іздестіру шарасымен облыстық ІІД криминальдық полиция басқармасы мен АІІБ қызметкерлері айналысып жатыр, - дейді Жылыой аудандық ІІБ бастығы Иса БЕКҚАЛИЕВ.

Бүгінде ҚР ҚК-нің 192-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары жүруде.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

20 сәуір 2016, 12:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.