Атырау, 10 қазан 19:22
 ашықВ Атырау +11
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

ЕО Қырғызстандағы реформаларға 49 миллион еуро бөлді

2 043 просмотра

Көрнекі суретЕуропа Одағы Қырғызстанға білім беру саласы мен сайлау жүйесінде реформалар жүргізуге 49,13 миллион еуро грант бөлді. Бұл туралы Қырғызстанның сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап, Азаттық хабарлады.

Қаржы бөлу туралы келісімге 19 сәуірде қол қойылған. Демократияны сайлау жүйесі арқылы жақсартуға 13,13 миллион еуро, білім беру саласындағы реформаларды қаржыландыруға 36 миллион еуро бөлінген.

Келісімге қаржы министрі Әділбек Қасымәлиев пен Еурпоа комиссиясының халықаралық даму және ынтымақтастық жөніндегі директоры Йобст Вон Киршман қол қойған.

Дереккөз: Аzattyq.org

20 сәуір 2016, 11:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.