Атырау, 29 қараша 05:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Масамен айқас басталды

2 162 просмотра

Атырау қаласының аумағын масалардан өңдеу жөніндегі тендерді, өткен жылдағыдай, «AG Disinfection servises» компаниясы ұтып алыпты.

Компания энтомологы Айнагүл ДӘУЛЕТЬЯРОВАНЫҢ айтуынша, қалалық ТКШ бөлімімен 10 сәуірде - өткен жылдағыдан тоғыз күн бұрын келісімшарт жасалған. Өйткені биыл тендер де ертерек, 31 наурызда өткізілген.

Өткен жылы қалалық бюджеттен қансорғыштарды өңдеуге 80 млн теңге бөлінді, ал мердігер қызметі құнының арзандауы нәтижесінде 37 млн теңгеге келісімшарт жасалды. Биыл бюджеттен бөлінген қаржы 117 млн теңгені құрады, ал мердігер 70,9 млн теңгеге өз қызметін ұсынды.

- 4 сәуірде біз Лесхоз ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің суға кеткен жертөлелеріндегі және Мостовой өзекшесіндегі суларға зерттеу жүргіздік. Жертөлелерде өзекшеге қарағанда бірнеше есе көп дернәсілдер бар болып шықты. Және олар имиго кезеңінде, яғни, ересек аталық түрінде болды.

Мәселе мынада, алдымен дернәсілдерден аталықтар жарып шығады да аналықтардың пайда болуын күтеді. Содан кейін олар қарқынды түрде көбейе бастайды. Ал қанға тойып, жұмыртқа шығару үшін адамдарды аналық масалар шағады. Қоршаған ортада +22 градус температура басталған кезде масалардың қарқынды түрде популяциясы басталады. Ал 4 сәуірде Лесхоздың жертөлелерінде температура +32 градус болды, - дейді А.Дәулетьярова. Сондықтан «AG Disinfection servises» бригадалары ПИК қызмет көрсетпейтін Лесхоз үйлерінің жертөлелерін өңдей бастады. Содан кейін Огородный көшесі мен СМП-163 ықшамауданындағы үйлерге кезек келді.

- Үйге ПИК қызмет көрсете ме, жоқ па, көбінесе мәселе онда емес. Қазіргі топырақ ылғалды. Біздің көзімізше ПИК төрағасы суға кеткен жертөледен суды тартып шығару үшін вакуумға тапсырыс берген жағдайлар болды. Біз жаңа ғана құрғатылған жертөлелерге кірдік. Ал ол жерлерде бетон тұтастырғыш төсемнің астынан жерасты сулары атқылап жатты. Топырақасты сулардың қанықтығы бастапқы уақытта біз үшін бірінші кезектегі проблема болады деп ойлаймын, - деп комментарий береді Дәулетьярова.

Күн сайын қалада «AG Disinfection servises» компаниясының үш бригадасы жұмыс істейді. Бір бригада бақ аумақтары мен жасыл-желектерді өңдеу үшін түнгі уақытқа қалады. Барлығы келісімшарт бойынша компания көппәтерлі 953 үйдің жертөлелерін өңдеуі тиіс. Соның ішінде 204 үйге ПИК қызмет көрсетпейді. Бүгінгі күні 417 үй өңделген.

ТКШ бөлімі бекіткен кесте бойынша, жұмыс күндері ПИК қызмет көрсететін үйлерге, демалыс күндері – ПИК-тері жоқ үйлерге өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Әр айдың соңында бүкіл қала маңындағы поселкелердің аумағы өңделеді.

Бүгінде Сарыөзек пен Мостовой өзекшесін өңдеу аяқталды. Тек Сарыөзекті өңдеуге төрт күн кетті. Келісімшартта көрсетілген бүкіл нысандар – жертөлелер, су тоғандары және т.б. сегіз ай бойына – сәуірден бастап қарашаға дейін айына бір рет өңделетін болады. Дезинфекторлардың әр бригадасының жанында жұмыс сапасын тексеретін қалалық ТКШ бөлімінің бақылаушысы болады.

- Өңдеу үшін біз қымбат тұратын препараттарды – медилис-ципер мен циперметринді қолданамыз. Дезинфекциялық бригаданы мемлекеттік табиғи «Ақжайық» резерватының аумағына жіберу мәселесі ғана проблема болып қалып отыр. Өйткені әр адам оның масалардың табиғи инкубаторы екенін біледі. Біз қорық аумағына арнайы бактериалдық препараттарды қолдануды ұсынған едік, алайда «Ақжайық» басшылығы табанды түрде бас тартып отыр, - деп мәлімдеді А.Дәулетьярова.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор
20 сәуір 2016, 10:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.