Полицей басшылығы бір апта бұрын youtube-қа салынған Жылыой АІІБ жол-патрульдік полициясының қызметкерлері туралы роликке қатысты шара алды.
"Атырау-Кулсары гаи" деген атаудағы бейнежазбаның авторы, жасырын жүргізуші жол-патруль қызметкерлерінен, неліктен олардың қызметтік міндеттемелерін орындау кезінде заңды бұзатындықтарын білуге тырысқан.
Осылайша, түнгі уақыттағы қызмет кезінде олар арнайы көліктің жалтылдайтын шамын қоспаған. Ал қызметтік көліктің алдыңғы әйнегі шытынап жарылған. Алайда ол облыста "Автобус" және "Паутинка" жедел-алдын алу шаралары жүргізіліп жатқаны туралы ақпараттан басқа полицейлерден жарытымды жауап ала алмады.
- Бейнежазба авторы ресми арызбен келген жоқ. Алайда интернетке салынған ролик нәтижелері бойынша қызметтік тергеу жүргізілді, - дейді Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВА. Жылыой АІІБ-нің жол-патрульдік қызметінің үш қызметкері жол қозғалысын қадағалау мен қоғамдық тәртіпті қорғау тұрғысында ІІМ бұйрығының талабын бұзғаны үшін жергілік полиция қызметі бастығының бұйрығымен тәртіптік жаза алды. Қызмет барысында жеке құрамға лайықты бақылау жасалмағандығы үшін взвод командирі мен жол-патрульдік полиция ротасының командирі жазаланды. Жедел-алдын алу шарасына келер болсақ, түсірілім түскен уақытта, яғни, 4-6 және 4-9 сәуір аралықтарында шынымен де "Автобус" және "Паутинка" шаралары жүргізілген.
Зульфия ИСКАЛИЕВА