Атырау, 5 мамыр 18:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Қарақшылар ашық есіктен кірген

Бейнежазба
2 270 просмотра

Құлсары қаласындағы Sinooil жанармай құю бекетін тонау ісі әлі ашыла қойған жоқ.

Сәуірдің 14-нен 15-не қараған түні Жылыой аудандық ІІБ-нің кезекші пультіне сағат 02.55-те жанармай құю бекетінің оператор-кассирінен хабарлама түседі. Оның айтуынша, сағат 02.30 шамасында бастарына капюшондарын киген, шолақ мылтықпен қаруланған белгісіз екеу ғимараттың ашық есігінен кіреді. Олар қаруларымен күзетшіні және оператор-кассирді қорқыта отырып, кассадан 20 мың теңгені алып, іздерін суытады.

ІІД баспасөз қызметінің хабарлағанындай ҚР ҚК 192-бабы («Қарақшылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Ал бейнебақылау камерасына түсіп қалған қылмыс әрекетін WhatsApp мессенджер арқылы қолданушылар бір-бірінің ұялы телефондарына жолдауда.

Зульфия ИСКАЛИЕВА


19 сәуір 2016, 14:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.