«Бекіре-2016» акциясының алғашқы екі аптасында балық қорғау заңнамасының 250 заң бұзушылығы анықталды.
Үйлестіру штабының отырысында айтылғандай, заң бұзушылардан 14 тонна балық тәркіленіп алынған. Соның ішінде 870 келі бекіре тұқымдастар, бір келі қара уылдырық, 21 бірлік жүзбелі және көлік құралдары, 439 аулау құралдары бар. 37 қылмыстық іс қозғалып, 166 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
–Жайық пен Қиғашты күн сайын сүзіп шығуы жұмыстары ұйымдастырылды. Судан 200-ден астам ау құралдары мен ілмектер шығарылды, - деп хабарлады облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының ресми өкілі Олег ТУШКАНОВ. – Сонымен қатар, сауда нүктелеріне жариясыз тексеру жүргізілді. Соның барысында қытайлық өндірістен шығарылған нейлон ау құралдарын сату фактілері анықталды. Мұндай торлар Привокзальныйдағы, Авангардтағы. Жилгородоктағы спорттық, балық аулау дүкендерінде сатылады. Біз Кедендік кодекске ҚР аумағына қытайлық ау құралдарын әкелуге тыйым салу туралы, сонымен қатар «Кәсіпкерлік туралы» Заңға оларды сауда нүктелерінде сатуға тыйым салу туралы өзгерістер енгізуге ұсыныс бердік.
Екі балық өсіру зауыттары үшін бекіре тұқымдастарды аулау бойынша мемлекеттік тапсырыстың орындалуы жөнінде: болашақ өндірушілердің 72-сі ауланды. Бұлар - шоқырдың 12 аналығы мен 35 аталығы, бекіренің екі аналығы мен 23 аталығы.
Тамара СУХОМЛИНОВА