Атырау, 29 қараша 05:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Губернатор Александр Жилкин: «Көп сыналып жүрген жолды көру үшін әдейі келдім»

2 731 просмотра

18 сәуірде Астрахан облысының губернаторы Александр ЖИЛКИН бастаған делегация Атырауға сапарлатып келді. Облыстық әкімдіктегі кездесуде төмендегілер айтылған еді.

Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ:

– Бүгінде бізде экономиканың көптеген салаларында, сондай-ақ гуманитарлық және құққыққорғау салаларында өзара тығыз қарым-қатынас орнаған. Мен елбасыдан мұны одан әрі тереңдету жөнінде тапсырма алдым. Сіздерде де осындай тапсырма бар деп ойлаймын.

А. Жилкин:

– Сіздерге келгеніме шынайы қуаныштымын. Әдемі қала болыпты. Осыдан он бес жыл бұрын қандай болғанын есіме түсіріп, Каспийдегі үздік қалалалардың біріне айналдырып, қаншама көп жұмыс жасағандарыңызды көріп отырмын.

Біз үшін Атырау облысы – біздің тарихи, отбасыдай араласып кеткен жақын көршіміз. Мұны халық жақсы біледі. Біз шынымен де түрлі салаларда тығыз қарым-қатынастамыз, соның ішінде Каспий теңізінің биоресурстарын қорғау жөнінде де... Біз компания тапсырмасы бойынша Каспий теңізінің қазақстандық қайраңын жайластыру жұмыстарын жалғастырамыз. Бірер айдан кейін КТК-ны кеңейту жобасы мәресіне жетеді.

Әрине, Шанхай ынтымақтастық ұйымдары елдері мен Еуропаны байланыстыратын көлік дәлізі бар. Мен осыншама сынға алынған жолмен әдейі келдім. Биыл жобалау аяқталып, президент НАЗАРБАЕВ осы жолға баса назар аударады.

Image 1

Нұрлан Асқарұлын біраз уақыттан бері білемін. Сізді тағайындалуыңызбен құттықтайын деп және біздің қарым-қатынасымызды әрі қарай дамыту жоспарларын белгілеу үшін келдім. Дағдарысқа қарамастан, Астрахан облысының экономикасы жақсы динамикалық деңгейде тұр. 2016 жылы біз өнеркәсіптік өндіріс көлемін арттыруға қатысты мәселені аяқтауды жоспарлап отырмыз. Әрине, бұл бағдарлама қазақстандық және ресейлік бизнестің өзара әрекетінсіз жүзеге асырылмайды. Астраханға өзіңізге қолайлы кез-келген уақытқа шақырғым келеді, Құрманғазы кесенесіне бірге барамыз.

Н. Ноғаев:

– «Нұрлы жол» бағдарламасының маңызды тармақтарының бірі мемлекеттегі инфрақұрылымды дамытуға арналған. Бұл Астананы өңірлермен жалғайтын көлік жолдарын сәуле тәрізді дамыту. Осындай «сәулелердің» бірі Астана – Ақтөбе – Атырау – Астрахан жолдары болып табылады. Бұл жоба 2016-2017 жылдары жобалау-сметалық құжаттама әзірленгеннен кейін жүзеге асырылатын болады.

…Жақында мен балық саласының ардагерлерімен кездестім. Олар маған Астрахан облысының тәжірибесін үлгі етіп, мамандар дайындауды ұйымдастыру қажет екенін айтты. Сіздерде кадрларды даярлау жүйелі ұйымдастырылған, кеме жасау және кеме жөндеу зауыттары бар. Біз осы салада ынтымақтаса жұмыс істеуге әзірміз.

Атырауды Қазақстанның мұнай астанасы деп атайды. Сонымен қатар біз өңірдегі экономиканы әртараптандыру жөніндегі президенттің тапсырмасын орындаймыз. Облыстың бұрынғы әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ ауыл шаруашылығында үлкен жұмыстар атқарды. Адамдар ниет етсе осы саланы да дамытуға болатындығына көз жеткізді. Осы бағытта біз әрі қарай да қозғалатын боламыз.

Астрахань облысының кәсіпкерлері ауыл шаруашылығының маусымдық өнімдерін әкелу үшін белгілі бір қиындықтар бар екендігін мәселе етіп қойды. Біз сауда орындарын ұсынуға әзірміз. Бұл мәселе бұрын ауыл шаруашылығы өнімдері сатылған жердің бейімсіздігіне байланысты туындады. Қазір қалаға коммуналдық базар салынды. Сіздер үшін орын болады.

А. Жилкин:

Image 2

– Астраханда балық өсіру зауыттары дамуда. Бізде осындай 18 кәсіпорын бар. Өткен жылы 10 тонна тауар уылдырығы мен 500 тонна бекіре етін алдық. Биыл 15 тонна уылдырық пен 700 тонна бекіре етін алуды жоспарлап отырмыз. Балық жасанды тоғандарда өсіріледі. Оларды Жайыққа да, теңіз кемеріне де орнатуға болады.

…Бізде тозығы жеткен баспаналарға қатысты ұқсас проблемалар бар. Өз делегацияма осы жердегі тәжірибемен жете танысуға тапсырма беремін. Содан кейін, бізде күрелгеннен кейін босаған аумақты қалай пайдалануға болатындығы туралы бағдарлама бар. Бөлісуге дайынбыз.

Астрахань облысының делегациясы жоғарғы техникалық АРЕС Petrotechnic мектебіне, ілмекті арматура өндіретін «Шеврон Тексако» зауытына, жүн өңдейтін «Атырау Лана» зауытына және басқа да нысандарға аяқ басты.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор
19 сәуір 2016, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.