Үйлер тағы да суға кетіп жатыр, ал коммуналдық қызметтер үлгере алар емес.
Су тек жеке секторға ғана емес, қаланың орталық көшелеріне де сел болып ақты. ТЖЛ мәліметтері бойынша, Сәтпаев, Әлиев, Баймұханов, Құлманов, Гагарин және Молдағұлова көшелерінің бойындағы 38 үй қатты зардап шеккен. Алтынсарин атындағы №11 мектеп пен Мұқанов атындағы №10 мектеп те суға кетіпті
ТЖД мен қалалық әкімідік бригадалары арнайы техникамен, мотопомпалар және ауыр самосвалдармен суларды халдері тартқанша тартып шығаруда. ТЖД-да хабарлағандай, қазіргі уақытта 15 мыңнан астам текше метр су шығарылды. Бұл цифр әсер қалдырғанымен, қала тұрғындарының нақты проблемаларының жанында көмескі тартады.
– Тек резіңке етік пен жүйкенің мықтылығына ғана үміттену қалып отыр, - деп күйінеді жеке сектордағы үйлердің бірінің тұрғыны Талғат ӘБДІҒАЛИЕВ. Ол бірнеше күн бұрын өз ауласында пикник ұйымдастыруды жоспарлаған екен. Алайда тәбетті ашатын кәуап дайындаудың орнына оған ауладағы суды қолда бар құралдармен сарқып шығарып отыруға тура келген.
– ТЖД қызметкерлері келді. Қалалық әкімдіктен адамдар болды, бірақ жартысын да шығарған жоқ, жұмыстарын аяғына дейін жасамады, - дейді Талғат. Дегенмен, оның айтуынша, оның үй-жайы мен көршілерінің үйлерін әр көктем сайын су басады. Әр жолы коммуналдық қызметкерлер бұл құбылысқа дұрыс әзір болмай шығады.
Айта кетелік, көрші Маңғыстау облысының тұрғындары да табиғаттың дүлей күшін сезінген. Ақтау мен Жаңаөзенде күшті нөсер 60 шақты көшені суға кетірген.
Ал «Қазгидромет» мәліметтеріне сүйенсек, көшпелі бұлтты және жаңбырлы қолайсыз ауа-райы Атырауда әлі бірер күн сақталады екен.
Марат ТАКУЛИН
Суретті түсірген автор