Атырау, 26 қараша 22:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Эквадордағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 240 адамнан асты

2 460 просмотра

Фото: azattyq.orgАлматы. 18 сәуір. ҚазТАГ– Эквадордағы қатты жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 246 адамға жетті, 2,5 мыңнан астамы зардап шекті, деп хабарлады елдің вице-президенті Хорхе Гласаға сілтеме жасаған ресейлік БАҚ.

«Қазіргі таңда 246 адамның көз жұмғаны, 2527-сінің зардап шеккен нақтыланды», - деді ол.

БАҚ еске салғандай, магнитудасы 7,8 балдық жер сілкінісі сенбі күні кешкісін орын алған.

Жалғасып жатқан құтқару жұмыстарына шамамен 10 мыңдай әскери қызметкер, 3,5 мыңдай полицей жұмылдырылған. Елдің солтүстігіндегі зардап шеккен аудандарға әскерилерді тік ұшақпен және автобуспен жөнелтуде. Алайда жер бетімен тасымалдау қиынға соғуда.

Ел билігі жер сілкінісінң ошағына жақын орналасқан солтүстік шығыс жағалуадағы өңірлерде зардап шегушілер санының артатынын еске салуда. Бұл ретте, ел вице-президенті Х.Глас өздерінің ауыр техниканы қолдана алмайтындарын атап өтті. Бұл қирандылар астында қалған адамдардың жағдайын қиындатуы мүмкін

Сенбі күні Эквадорда орын алған жер сілкінісі 1979 жылдан бергі ең күштісі. Қайталанған дүмпулер саны 130-ға жетті. Тынық мұхиты жағалауында зардап шеккен провинцияларда апат үлкен шығындар әкелген. Көптеген ғимараттар қирап, жолдар, көпірлер мен электр тоғын тарату желілері бұзылған. Зардап шеккен аудандарға мыңдаған әскерилер мен полицейлер, мобильді госпиталдар жөнелтілді.

Тынық мұхитының цунамиді ескерту орталығы жер сілкінісі ошағынан 300 км қашықтықта қауіпті толқындардың туындауы мүмкін екендігін ескертті. Сондықтан билік тұрғындарға жағалау маңы аудандарынан кетуге кеңес берді.

Елде төтенше жағдай жарияланды.

Дереккөз: Kaztag.kz

18 сәуір 2016, 14:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.