Атырау, 26 қараша 22:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Мұнай өндірушілер Катардағы келіссөзде мұнай өндірісін тежеу туралы келісімге келе алмады

2 543 просмотра

Фото: ТАССМұнай өндіруші-елдер Катар астанасы Дохадағы кездесуде мұнай өндірісін тежеу туралы келісімге келе алмады, деп хабарлады ҚазТАГ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«12 сағатқа созылған келіссөздер тараптардың оларға әлі де ойлануға уақыт керек, ал нарық онсыз да өзін жаман сезініп отырған жоқ деген сенімдерімен аяқталды. Осылайша, кездесуді ұйымдастыруға екі ай бойы жұмсалған күш нәтижесіз қалды», - делінген агенттік хабарында.

Тараптардың мұнай өндірісін тежеу мүмкіндігі туралы консультациялары ресми түрде 16 ақпанда басталды. Дохадағы кездесуге дейін барлық келіспеушілікті тараптар бұқаралық емес тәртіпте шешулері керек болатын. Аталмыш мәмілеге қауіп төніп тұрғаны туралы Сауд Арабиясының бір апта бұрын жасаған мәмілесінен кейін-ақ түсінікті болды. Ол мәмілесінде тек Иран қатысса ғана келісімге қол қоятынын айтқан болатын. Бұрын бұл ел мұндай талаптарын алға тартпаған еді. 16 сәуірде аталмыш мәміле үзілді-кесілді формада қайталанды, мүмкін, сондықтан И ран өкілдері кездесуге мүлде келмеуді шешкен болар, ал негізі оған басынан-ақ ОПЕК-тегі Тегеран өкілі қатысуы керек болатын.

Келісімнің өндірушілер талқылауы тиіс қолжазбалық нұсқасы мұнай өндірісін 2016 жылдың қазан айына дейін тоқтата тұруды ұсынған. Алайда кездесуге бірнеше минут қалғанда Сауд Арабиясы келісім жобасына өзгеріс енгізуді ұсынды. Келісімнің қайта әзірленген жобасында оған ОПЕК елдерінің барлығының қатысуы керектігі айтылған және алғашқы нұсқадағы міндетті түрде орындалуы керек тармақтары қосылмаған.

Кездесу қорытындысын бірінші болып Нигерии Ибе Качикву мәлімдеді, ол ресми түрде Дохада мұнай өндірісін тежеу бойынша кездесудің болмағанын мойындады, ал келесі кездесу осындай форматта маусымда өтеді деп күтілуде.

Катар энергетика министрі Мухаммед бен Салех ас-Садтың айтуынша, мұнай өндіруші-елдер өкілдерінің маусымдағы ОПЕК елдерінің кездесуіне дейін ары қарай консультациялар өткізу үшін оларға біраз уақыт керек деген шешімге келген. Министр кездесуге қатысушылардың нарықтағы негізгі көрсеткіштер жақсарып келе жатыр деп санайтынын жеткізді.

Дереккөз: Kaztag.kz

18 сәуір 2016, 14:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.