Фото: bbc.comАҚШ-та орналасқан IHS зерттеу ұйымы "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының табысы соңғы 15 айда үштен бірге азайғанын, ИМ табысының азаюы содырлардың өздері жариялаған халифатты ұзақ уақыт ұстап тұруына қауіп төндіретінін атап өтті,- деп хабарлайды Азаттық.
18 сәуірде таратқан ақпаратында IHS ИМ табысы өткен жылдың ортасындағы 80 миллион доллардан биыл наурызда 56 миллион долларға дейін азайғанын айтады.
Ұйым бұған қоса ИМ бақылауындағы аймақтарда тәуліктік мұнай өндіру көлемі өткен жылдың ортасындағы 33 мың баррельден наурызда 210 мың баррельге дейін азайған дейді. Бұған мұнай өндіретін бұрғылар мен құрылғылардың әуе шабуылдарынан істен шығуы себеп болған.
ИМ бақылайтын территория да 22 пайызға қысқарып, қазір қол астындағы халық саны бұрынғы 9 миллион адамнан 6 миллион адамға азайған. Бұл салықтың азаюына да әсер етіп, ИМ содырлары тұрғындарға спутник табақшасын орнатқаны үшін немесе тартымды қалаларға арналған жеке салық түрлерін енгізген.
Дереккөз:Аzattyq.org