Фото: ReutersЖапонияның оңтүстігінде күшті жер сілкінісінен екі адам қаза тауып, жүздеген адам жараланды. Құтқарушылар қирандылар астынан адамдарды іздеу, құтқару жұмыстарын түнде де жалғастырды. Қуаты 6 магнитуданы құрайтын жер сілкінісі біраз ғимарат қираған. Жергілікті билік зілзаладан атом электр станцияларына қауіп төніп тұрған жоқ деп хабарлады Азаттық.
Құрбандардың бірі ғимарат қирағанда, екіншісі зілзаладан шыққан өрт кезінде қайтыс болған. Кем дегенде 400 адам ауруханаға түскен. Құрбандар саны артуы мүмкін деген болжам бар. Кумамото қаласы билігінің өкілі тоғыз адам қаза тапқаны туралы дерек барын мәлімдеді. Зілзала Кюсю аралында да болып, мыңдаған адам үй-жайын тастап кеткен.
Дереккөз:Аzattyq.org