Атырау, 29 наурыз 03:29
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Экс-полицейдің ісі: Даланы жүз адам сүзіп шықты

Сурет
3 959 просмотра

Сотталушы Манарбек ӨТЕУОВ№5546 әскери бөлімінің қызметшісі Үмбет ОМАРОВОблыстық ІІД ӨҚБ-ның аса маңызды істер бойынша тергеушісі Аман БИҒАМБАЕВАтырау қ. ІІБ бастығының орынбасары Марат ТАҒАНИЯЗОВ

14 сәуірде Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында Дмитрий КИМНІҢ өліміне кінәлі деп танылған экс-полицей Манарбек ӨТЕУОВТІҢ ісі бойынша кезекті сот отырысы болды.

Бұл күні сот куәгерлерден жауап алуды жалғастырды. Облыстық ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Аман БИҒАМБАЕВ:

- 7 тамызда Өзбекстан азаматы Дмитрий Кимнің хабар-ошарсыз жоғалғандығы туралы деректер негізге алынып «нөлдік» бап бойынша қылмыстық іс қозғалды, кейін бұл ҚР ҚК 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша қайта ресімделді. Ұсталған Өтеуовті ІІБ-на алып келді, онымен криминалды полиция бастығы Нұрболат Қабдешов әңгімелесті. Ол Өтеуовтің қолына кісен салып, олар «Арлан» арнайы жасақ сарбаздарымен бірге мүрдені іздеуге аттанды. Сол 7 тамыз күні олар мүрдені тапқан жоқ.

- Өтеуовті ұстау кезінде одан барсетка табылды. Оның ішінен марқұмнің жеңгесіне тиесілі әшекей бұйымдары шықты.

Өтеуов мініп жүрген қара түсті «Лексус» автокөлігі облыстық ІІД ауласында криминалистердің тексеруінен өтті. Көліктің артқы орындықтарының астыңғы едендері қанға боялған. Сондай-ақ, көліктен екі асүй пышағы табылды. Өтеуовтің жұбайымен бірге тұрған Нұрсаядағы пәтерін тінту кезінде кастетке ұқсас зат табылды.

№5546 әскери бөлімшенің әскери қызметкері Үмбет ОМАРОВ 8 тамызда болған жағдай туралы айтып берді:

- Біздің ротаны машинаға отырғызып Махамбет ауданының Алға ауылына алып барды. Іздестіру жұмыстарына шамамен жүз адам жұмылдырылды. Біз даланы кезіп кеттік. Мен сағат 16-да топырақпен шала көмілген адам мүрдесіне сүрініп қалдым. Топырақтың астынан оның аяқ-қолдары мен беті көзге шалынды...

Одан кейін куәгер ретінде жауап беруге Атырау қаласы ІІБ бастығының орынбасары Марат ТАҒАНИЯЗОВ шақырылды.

Өтеуовтің адвокаты Балжан ҚҰСПАНОВА сотталушыға қызметкер ретінде мінездеме беруді сұрады.

- Тәртібі бойынша оған ешқандай шағым болған жоқ, қызмет барысында да заңбұзушылықтарға жол берген жоқ, - деп жауап берді Тағаниязов.

Бүгінгі отырыстың соттың өткен жолғы отырысында («Экс-полицейдің ісі: «Сізге басшы ретінде қылмысқа неге барып жүргенімді түсіндірдім» мақаласын қараңыз) Өтеуовтің қылмыс жасады деп кінә артқан Н.Қабдешев пен ІІБ аға жедел өкілі Бейбіт Шалтеновпен болған жағдайдан айырмашылығы Өтеуовтің Тағаниязовқа қояр сұрағы болмады.

Өтеуовті «жалған полицейлермен» жалынды күрескер деп есептейтін жақтастары әлеуметтік желілерде ІІБ-ның жоғары шенділерінің беделін түсіру үшін виртуалды науқан ұйымдастырған. Атап айтқанда, осы аптада әлеуметтік желілердің бірінде солардың бірінің коттедждерінің суреті пайда болды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Тамара СУХОМЛИНОВА

15 сәуір 2016, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.