Атырау, 27 желтоқсан 12:10
 бұлттыВ Атырау -3
$ 504.60
€ 594.27
₽ 6.48

Тегеран: Ресей алғашқы С-300 кешенін жеткізді

1 716 рет қаралды

Иран сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Джабер Ансари бүгін Ресей Иранға С-300 зенит-зымыран кешенінің алғашқы партиясын жеткізгенін мәлімдеді. Ресей бұған дейін Иранға С-300 кешенін жеткізу туралы келісімді Батыс елдерінің қысыман байланысты бұзғанын мәлімдеген еді, - деп хабарлады Азаттық.

Ресей президенті Владимир Путин 2015 жылдың сәуірінде, Иран мен әлемдік державалар арасында уақытша ядролық келісім жасалған соң Иранға С-300 кешенін жеткізуге салған тыйымын жойған.

Израиль бұл зенит-зымыран кешенін Иранға жеткізуге ашық қарсы. Иран билігі еврей мемлекетін мойындамайды.

Дереккөз: Аzattyq.org

11 сәуір 2016, 17:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.