Фото: 24smi.orgУкраина премьер-министрі Арсений Яценюк отставкаға кететін болды. Бұл туралы ол телеарнадан үндеу жасады. Ол отставкаға кету туралы мәлімдемесін ресми түрде 12 сәуір күні парламентте жасайтынын айтты, - деп хабарлайды Азаттық.
Яценюк бұл шешімін бірнеше себепке байланысты қабылдағанын баяндап, "үкіметтегі саяси дағдарыс қолдан жасалғанын" жеткізді. "Бір адамды ауыстуру ниеті саясаткерлердің көзін байлап, олардың нақты өзгеріс жасау қабілетін жойды" деді Яценюк. Ол бұған қоса, "өзінің отставкасынан кейін бірден жаңа үкімет жасақталуы тиіс екенін" де айтты.
Дереккөз: azattyq.org