Атырау, 26 қараша 22:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Керри Хиросимада атом қару үшін кешірім сұрамайды

1 437 просмотра

Фото:24smi.orgАҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри "Үлкен жетілік" елдері саммиті қарсаңында кездесу өткізу үшін Жапонияға барды. 11 сәуірде ол АҚШ жоғары шенді шенеуніктері арасында алғаш болып Хиросимадағы атом қаруы жарылысының құрбаны болғандарды еске алады,- деп хабарлайды Азаттық.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, атом қаруы құрбандарына арналған ескерткішке барғанда Керри АҚШ-тың екінші дүниежүзілік соғыс кезінде атом қаруын қолданғаны үшін кешірім сұрамайды. 1945 жылы тамызда америкалық бомбалаушы ұшақ Хиросимаға 15 килотонналық атом бомбасын тастап, одан 80 мың адам қаза тапқан. Бұдан үш күн өткен соң Нагасакиге де осындай атом бомбасы тасталған.

Хиросимада өтетін екі күндік жиынға Ұлыбритания, Франция, Италия, Канада, Германия және Жапония сыртқы істер министрлері қатысады. Кездесуде бірқатар әлемдік проблеманы, оның ішінде терроризм, Украинадағы қақтығыс, Корей түбегі мен Таяу Шығыстағы ахуал талқыланбақ.

Дереккөз: azattyq.org

11 сәуір 2016, 10:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.