Атырау, 22 желтоқсан 10:22
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Атырау Аршавинді көрді де ұтылып қалды

2 878 просмотра


9 сәуірде «Судоремонтник» стадионында футболдан ел чемпионатының 4-ші туры аясында "Атырау" және "Қайрат" (Алматы) командалары арасында матч өтті.

Ол "Атырау" үшін өз алаңындағы алғашқы матч болды. Өйткені, "Тобылмен" өткізілетін 2-тур матчы Қостанайда қолайсыз ауа райы салдарынан өтпей қалды. Сондықтан басталуға бір сағат қалғанда трибуналарда бос орын болмады. Әрине, көпшілігі меймандар құрамындағы Андрей АРШАВИН қатысқан ойынды "өз көздерімен" көруге келді.

Бірінші таймда меймандар көп шабуыл жасады, алаң иелері шеберлікпен қорғана білді. "Атыраудың" кипері Жасур НАРЗИКУЛОВ бірнеше қауіпті соққылар жасады. Бірінші таймның аяғында Александр КУАРТИАН алматылық қақпашы Владимир ПЛОТНИКОВПЕН бірге бір шығып, жақсы мүмкіндігі болып еді, алайда оны сәтті пайдалана алмады.

Екінші таймның 77-минутта қонақтардың қара нәсілді форварды Жерар ГОУ есепке өзгеріс енгізді - 1:0. Бірер минуттан кейін Аршавинді алмастырды. Атышулы ойыншы алаңда жақсы ойын көрсетуге тырысты, трибуналар оны қошеметпен шығарып салды.

Матчтан кейін өткізілген баспасөз конференциясында "Атырау" ФК бас бапкері Владимир НИКИТЕНКО былай деді:

- Біз жақсы деңгейдегі командамен ойнап, ұтылып қалдық. Беріле ойнауға қатысты, жалпы ойынға қатысты талабым жоқ. Гол өрескел қателіктен кейін салынды. Алаң ортасында добымызды жоғалтып алдық. Бірінші таймда, өкінішке орай, бірге бір шығуды жүзеге асыра алмадық, содан соң доп өткізіп алдық. Әрі қарай жұыс істеп, қателіктерді түзететін боламыз.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Тамара СУХОМЛИНОВА

10 сәуір 2016, 16:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.