Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің ардагерлер мен мүгедектерге көмек көрсету бөлімінің басшысы Самал ЖЕКСЕНҒАЛИЕВА хабарлағандай, бүгінде облысымызда 52 Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер бар.
Оларға мерекеге орай жергілікті бюджеттен 100 мың теңге мөлшерінде бір реттік көмек көрсетілетін болады (өткен жылы республикалық және жергілікті бюджеттен 100 мың теңгеден бір мәрте көмек берілген, биыл республикалық бюджеттен қаржы бөлу туралы үкімет қаулысы әзірге шыққан жоқ).
С.Жексенғалиеваның айтуынша, облыс, қала мен аудан басшылары әр ардагерді жеке құттықтауға тырысады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ