Атырау, 19 сәуір 10:14
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Путин: "Панама құжаттары" - Ресейді тұрақсыз етудің жоспары

1 816 просмотра

Фото: РИА-НовостиРесей президенті Владимир Путин "Панама құжаттары" деген атпен жарияланған қаржылық және құқықтық құжаттарға қатысты бірінші рет түсініктеме берді. Журналистік ұйымдар 3 сәуірде Панамадағы Mossack Fonseca заң фирмасының ондаған елдегі саясаткерлер мен белгілі адамдардың офшорлық әрекеттері туралы әшкере болған құжатарын жариялай бастаған,- деп хабарлады Азаттық.

Путин түсініктемесінд "үлкен көлемдегі қаржыны жасыру үшін" құрылған офшорлық компанияларға қатысы барын жоққа шығарды. "Жауларымыз тұрғындарымыздың, көпұлтты халқымыздың бірлігі мен ынтымағына алаңдайды. Олар бізді іштен шайқалтып, бұрынғыдан да жуасытқысы келеді" деді Санкт-Петербургте журналистер форумында сөйлеген Путин.

Жария болған құжаттарда Ресей президенті Владимир Путинге жақын адамдар «Россия» банкі мен Панамадағы оффшорлық компания арқылы екі миллиард долларды «ұрлағаны» да жазылған.

Материалда Путиннің досы Сергей Ролдугиннің, Ресей ішкі істер министрінің орынбасары Александр Махоновтың, Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың әйелі Татьяна Навканың және Мәскеу транспорт департаментінің басшысы Максим Ликсутовтың есімі аталады.

Дереккөз: azattyq.org

8 сәуір 2016, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.