Облыстық әкімдіктің atyrau.gov.kz сайтында 2016 жылдың 1 сәуірі мен 1 желтоқсаны аралығында коммуналдық тұрғын үй қорындағы баспанаға мұқтаж жандар ретінде есепте тұрған азаматтардың кезектілік тізіміне түгендеу жүргізілетіндігі туралы хабарландыру шықты.
Құжаттар сейсенбі және сәрсенбі күндері сағат 14.30-дан 17.30-ға дейін Азаттық даңғылы, 101а, «Қалалық ТКШ, ЖТ және АЖ бөлімі» ММ ғимараты, №4 кабинетте қабылданады.
Қалалық әкімдіктің тұрғын үй секторының меңгерушісі Марта НҰРҒАЛИЕВА хабарлағандай, бүгінде Атырау қаласында коммуналдық баспана алуға 16 мыңнан астам адам кезекке тұрған:
- Құжаттар жаңартылғаннан кейін кезектілік туралы анықтама жылына бір рет беріледі (бұрын жарты жылда бір рет берілетін). Қалған уақыттарда кезектіліктің жылжуы туралы облыстық әкімдіктің www.atyrau.gov.kz ресми сайтынан білуге болады, - деп хабарлады Марта Нұрғалиева.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ