Атырау, 26 қараша 22:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Исландия премьері отставкаға кетпек

1 969 просмотра

Исландия астанасы Рейкьявикте парламент үйі алдында өтіп жатқан қарсылық акциясы. 5 сәуір 2016 жыл. Фото: azattyq.orgИсландия премьер-министрі Зигмундур Дэвид Гуннлаугссон даулы "Панама құжаттарында" коррупцияға қатысы бары туралы мәліметтен соң отставкаға кетуге өтініш білдірді. Әлем бойынша дау тудырған "Панама құжаттары" аталып кеткен есепте Исландия премьер-министрі әйелінің елдегі банктерде үлкен үлесі бар офшорлық компанияға иелік ететіні айтылған, - деп хабарлады Азаттық.

Қазір елдің балық аулау және ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқаратын Зигурдур Инги Йоханссон Прогрессивті партия коалициядағы серігі Тәуелсіздік партиясына өзінің кандидатурасын премьерлікке ұсынатынын хабарлады.

Зигмундур Дэвид Гуннлаугссон Исландия президентінен "Панама құжаттарынан" туындаған қарсылық акциялары мен өзіне сенімсіздік вотумын білдіру қаупі туындауына байланысты парламентті таратуды сұраған.

Панамадағы заң фирмасының әшкере болып кеткен құжаттарында ондаған елдің саясаткерлері мен белгілі адамдардың қаржылық қитұрқылығы туралы мәліметтер бар.

Дереккөз: azattyq.org

6 сәуір 2016, 11:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.