Атырау, 26 қараша 22:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

WhatsApp өз қолданушыларының хабарламаларын шифрлеу функциясын қосты

1 986 просмотра

Фото: ReutersWhatsApp өз қолданушыларының хабарламаларын шифрлеу функциясын қосты. Енді end-to-end шифрлеу функциясы мәтінді бөтен адамдардың оқып қоюынан сақтайды екен. Бұл туралы қосымшаның ресми блогында айтылады,- деп хабарлайды tengrinews.kz.

Хабарламаға сәйкес, мұндай қорғау жүесі жеке чаттар мен топ чаттары үшін де қолданылады береді, сонымен қатар қызмет түрі дауыс хабарламалары мен фото- және видеоматериалдар үшін де қолдануға болады.

Wired мәліметінше, мәліметтерді әңгімелесіп жатқан қолданушылар ғана көре алады, тіпті компанияның өзі қолданушылардың мәліметтерін біле алмайтын болыпты. Сонымен қатар, алгоритм бойынша жұмыстарды бағдарлама жасаушы, криптограф Мокси Марлинспайк (лақап аты) істеген, ол Эдвард Сноуден ұсынған Signal мессенджерін жасағандардың бірі.

Айта кетейік, WhatsApp мессенджерін қолданатындардың саны биылғы ақпан айының басында бір миллиард адамға жеткен еді. WhatsApp бұрынғы хакер Ян Кум 2009 жылы жасаған, кейін оған Yahoo компаниясында бірге жұмыс істеген әріптесі Брайан Эктон қосылған.

Дереккөз: tengrinews.kz



6 сәуір 2016, 10:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.