Атырау, 15 мамыр 20:23
 бұлттыВ Атырау +16
$ 506.21
€ 568.42
₽ 6.30

Аргентинада мұғалімдер жалпыұлттық ереуілге шықты

2 102 просмотра

Фото: 24.kzАргентинада бүгін мұғалімдер жұмыс орындарын тастап, жалпыұлттық ереуілге шықты,- деп хабарлайды 24.kz.

Олар еңбек шарттарын жақсартып, жалақыларын көтеруді талап етіп отыр. Ұстаздар уәде етілген 30%-дық үстемені әлі алмағандарын айтып ашынады. Наразы топ «білім беру саласының мыңнан астам қызметкерін қысқарту туралы шешімімен де келіспейміз» деп отыр. Бас көтеріп шыққандар биліктен осыдан 9 жыл бұрын көз жұмған әріптесінің қазасына қатысты тергеу амалдарын жалғастыруды сұрады. 2007 жылы оқытушылардың бірі ереуіл кезінде алған жарақатынан айыға алмай, мерт болған еді.

Дереккөз: 24.kz

5 сәуір 2016, 17:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.