Атырау, 10 мамыр 02:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 461.26
€ 542.58
₽ 6.18

Жеңіспен аяқталған тартысты матч

1 671 рет қаралды

Көкшетауда хоккейден ел чемпионатының плей-оф финалды кезеңінің екінші матчында «Бейбарыс» командасы жергілікті «Арланнан» жеңісті «тартып» алды.

Ойын керемет тартысты өтті. 10-шы секундта «мәмлүк» Денис МАКАРОВ есеп ашты. Бес минуттан кейін қожайындар жауапты гол соқты. 2-ші кезеңнің басында Алексей АНЦИФЕРОВ «Бейбарысты» қайтадан алға шығарды. 3-ші кезеңнің басында қожайындар қайтадан есепті теңестірді. Финалдық ысқырыққа 14 секунд қалғанда «Бейбарыс» ойыншысы Илья МАЛЮШКИН жеңіс голын соқты. Екінші матчта біздің пайдамызға есеп 3:2 болып, сериядағы есеп – 1:1 болып теңесті.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
5 сәуір 2016, 09:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.