Фото: vistanews.ru
Сирия үкіметінің әскері өз одақтастарының көмегімен «Ирак пен Левант» лаңкестерінің бақылауында болған Эль-Карьятейн қаласын азат етті.
Қарулы қақтығыстан ұйымның бірнеше содыры қаза тапқан. Қазір қала орталығындағы мемлекеттік мекемелерге Сирия жалауы ілініп жатыр. Осыдан бірнеше күн бұрын Пальмира қаласы да лаңкестердің уысынан босатылған еді. Үкімет жасағы бұл іске осы операциядан кейін бірден кіріскен. Себебі шаһар Хомс, Дамаск және Пальмира қалаларын қосатын тасжолдың қиылысында орналасқан.
Дереккөз: 24.kz