Қатарынан үш алтын алқа иеленген атыраулық жас жүзуші Дамир Алтайұлы Көкшетауда өткен «Бурабай маржандары» чемпионатында қаһарманға айналды.
Сайысқа 2005 жылғы және одан төменгі жастағы жүзгіштер – барлығы 320 спортшы қатысты. 10 жастағы Дамир 200 метр қашықтықта кешенді жүзу, 50 метрде еркін стиль және 50 метрде баттерфляй стилімен жүзу бойынша жеңімпаз атанды. Бұдан басқа, Атырау облысының аға бапкері Иван ГАЛКИННІҢ шәкірттері қатысқан Атырау облысының командасы еркін стильде эстафеталық жүзуде күміс алқаны иеленді.
Атыраулық жүзгіштер алдағы уақытта республикалық сайысқа, яғни, бұл жолы Шымкентте өтетін жаңа сайысқа әзірленуді жоспарлап отыр. Оған жоғары жастағы жүзгіштер қатысады.
Зульфия ИСКАЛИЕВА